"Некеге мәжбүрлеу – қылмыс" – Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бағдат Әшімова ауызашарда марқұм Асанәлі Әшімовті еске алып, көзіне жасына ерік берді

Бағдат Әшімова ауызашарда марқұм Асанәлі Әшімовті еске алып, көзіне жасына ерік берді
Фото: Бейнежазбадан кескін

Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің үйінде өткен ауызашарға қатысып, жұбайын сағынышпен еске алып, көптің алдында толқып жылап қалды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Кездесу барысында ол Асанәлі Әшімовпен бірге өткізген ғұмырын айтып, жүрекжарды сөзін жеткізді.

"Ескінің салтымен басыңыз ағарсын деп, жұбатайын деп, ағаңыз кетсе де ортадан қалдырмай шақырғаныңызға рахмет. Осы отырған Асекеңнің көзін көрген кісілер. Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат дейді. 23 жыл 1 ай 3 күнім менің қалған өміріме азық, жол салып кетті. Асекең 70-ке толғанда сол кісі жұтқан ауаны жұтсам ризамын деп етегінен ұстаған едім. Өзі елдің еркесі, халықтың абысы болып, өзі жас балаларға ананың орнын алып беріп кетті. Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында, оның көзін көрген бар халықтың алдында қызмет етемін. Артында қалған мұрасын орнында ұстап отырамын", – деді Бағдат Әшімова.

Айта кетейік, ауызашар соңында Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевке ақ батасын беріп, ризашылығын білдірген. Желі қолданушылары да оның парасатты сөзіне тәнті болып, жылы лебіздерін жазды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер