Элизабет Тұрсынбаева Универсиадада күміс медаль жеңіп алды
Қысқа сілтеме алу
«Алтынды» жапон Маи Михара, «қоланы» ресейлік Станислава Константинова иеленді
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.
©
Sputnik / Владимир Астапкович
Универсиада-2019. Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама.
Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.
Алтын жүлдені жапон Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-ші орыннан көрінді.
sputniknews.kz