"Jusan Bank" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Гүлмира Джумадиллаева тағайындалды. Ол -"Kaspi Bank"АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары.
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Джумадиллаева Гүлмира Жәнібекқызы First Heartland JUSAN Bank АҚ Басқарма төрағасы лауазымына келісті", - делінген хабарламада.
Гүлмира Джумадиллаева 1995-1997 жылдары Қазақстан Үкіметі Аппаратының қаржы бөлімінің аға референті болды. 2007 жылдан 2021 жылға дейін Kaspi Bank"АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары қызметін атқарды.