Алматыда жоғалған ер адамға байланысты іздеу жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Еріктілердің мәліметінше, Байыр Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен 13:20-да Медеу ауданындағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Белгілері: бойы 180–185 см, арық денелі, қысқа қара шашты. Үстінде қара спорттық киім болған.
Аталған деректі Алматы қалалық полиция департаменті растады. Қазір Медеу аудандық полициясы жедел іздестіру шараларын жүргізіп, ер адамның жүрген жерін анықтау бағытында кешенді жұмыстар атқарып жатыр.
Айта кетейік, Байыр Сиқымбаев – марқұм әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның туысы. Әнші 2024 жылдың күзінде өмірден өткен еді.