Әнші Сәкен Майғазиев отбасында қуанышты жаңалық — ұлы Әділет пен келіні Әдия жуырда ата-ана атанбақ. Жас жұбайлар болашақ сәбидің жынысын білу үшін қарапайым форматта гендер пати ұйымдастырып, қыз күтіп отырғандарын жария етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Шара сән-салтанатсыз, жылы әрі шынайы атмосферада өткен. Әлеуметтік желі қолданушылары олардың қарапайымдылығын жоғары бағалап, «артық шығынсыз», «өте әдемі өткен», «сәби аман-есен дүниеге келсін» деген ақжарма тілектерін жолдады.
Сонымен қатар Әділет бұл форматқа қатысты өз пікірін де білдірді. Оның айтуынша, өзі гендер пати өткізуді аса құптамайды, алайда жұбайының қалауын ескеріп, келісім берген. Ол тіпті бұл видео жарияланады деп ойламағанын да жасырмады.