Бірнеше күннен бері "Сәкеңнің тоқалы" деген атпен тіркелген келіншек ТикТокта тікелей эфир жүргізіп, токалдық өмірі туралы айтып, ақырында полициядан бір-ақ шыққанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Ресми атын көрсетпей, тек "Сәкеңнің тоқалы" деп көрсеткен парақшадағы келіншек бірнеше күннен бері токалдық өмірі жайлы әңгімелеп, әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп жүрген еді.
Алайда жұртты қызықтырғаны – "Сәкеңнің тоқалы" деген аттың өзі болды. Тікелей эфирдегі видеоларын МузАрттың әншісі Сәкен Майғазиевке жіберіп, "сен туралы айтуда" деген хабарламалар алған.
“Мені Сәкен Майғазиевтің токалы деп қайсысың видео жібергенсіңдер? Таңертен тұрсам, үйіме полиция келіп тұр. "Кеше тікелей эфирде Майғазиевтің токалымын депсіз" дейді. Мен олай деп қай жерде айттым? 'Н' әрпі мен 'Ң' әрпін ажырата алмайсыңдар ма? Мен "Сәкеннің" деп емес, "Сәкеңнің тоқалы" деп жаздым.
Полицияға барсам, Майғазиев әйелі екеуі отыр екен. Өмірімде оларды бірінші рет көрдім. Сәкен Майғазиев екеуіміз де бір-бірімізді танымаймыз деп шок болдық.
Сөйте келе, түсінісіп, ақырында қол алысып, күлісіп, разы болып тарқастық”, – деген "Сәкеңнің тоқалы" көрерменіне ренішін білдірді.