Ернін үлкейткен алматылық мажор қызды жігіті тастап кетті (фото, видео) - новости Казахстана
13.12.2018
21:52
0
8

ҚазҰУ психология факультетінің студент аруы еріндерін үлкейтемін деп жігітінен айырылып қалды. Алайда ханзадасыз қалған бойжеткенді әлемдік косметикалық бренд жарнамаға түсуге шақырған деп хабарлайды NUR.KZ.
"Еріндерімді бұрыннан үлкейткім келетін. Бірақ кәмелеттік жасқа толмағандықтан, мұндай косметикалық отаны маған ешкім жасауға келіспейтін еді. Бірнеше апта бұрын мен жігітімнен ернімді үлкейтуге ақша алдым, бірақ оған ақшаны не мақсатқа жұмсайтынымды айтпадым. Ол бетімнің ісіп кеткенін көрген кезде, мені "ақымақ" деп тастап кетті", - дейді Мәриям."Сыни пікірлер мені мазаламайды, бірақ жігітіммен ренжісіп қалғаным мені қатты күйзеліске түсірді. Оқуға мән бере алмай қалдым, тәбетім тартпады, тіпті сән әлемінің алпауыты маған ұсыныс жасағаны мені қуанта алмады. Үш күн болды 30 секундтық ролик үшін түсірілімге қатысу қажет пе жоқ па әлі шешкен жоқпын."Оның үстіне желтоқсан айында уақытым болмайды. Фирманың өкілдеріне жауабымды 10-шы қаңтардан кейін беретінімді айттым. Instagram-да "танымал" болғаным сол-ақ еді, мені сүт жарнамасына түсуге шақырды. Бірақ бұл маңызды емес. Бастысы бес күн бұрын мен жігітіммен татуластым. Ол мені қолдаса, мен ешқандай сыни пікірден қорықпаймын. Ол менен 10 жас үлкен, беделді кәсіпкер, менің қорғанышым, тірегім", - деген ару ата-анасының еріндегі өзгерісті жақсы қабылдағанын айтады."Әке-шешем ернімнің өзгерісін жақсы қабылдады. Мен әрдайым оларға қалай өмір сүретінімді, не істеп жүргенімді айтамын. Маңызды шешім қабылдағанда үнемі олардан кеңес сұраймын. Әкем мемлекеттік қызметте істейді, анамның жеке кәсібі бар. Олар көп нәрсеге қол жеткізген, өмірлік тәжірибелері мол. Алайда олар жас, бар болғаны 45 жаста", - дейді Мәриям Нұрмұхан.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ