Ер адам бірден үш әйелге үйленіп, той жасаған

0

Үндістандағы Мадхья-Прадеш штанының тұрғыны бірден үш әйелге үйленді. Бұған дейін олар 15 жыл бірге тұрған, деп жазады kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

42 жастағы Самрат Мурьяның тойына 6 баласы да қатысқан. Жергілікті дәстүрге байланысты салтанатты мерейтой үш күнге жалғасқан. Әйелдерінің ең жасы 30-да, үлкені 35 жаста.

Үндістан көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынған. Бұған қарамастан кей ауылдарда ер адамдар екі және одан да көп әйелдермен отау құрады. Мурья әйелдерінің бірімен 2003 жылы некелесіп қойған.

Үйленгендер той жасау туралы шешімді қауымның мойындауына ие болу үшін және ғибадатханаға баруға рұқсат алу және өзге де шараларға қатысу үшін қабылдаған.