Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Али Лариджанидің қазасынан кейін Иранның жауабы қандай болмақ?

Али Лариджанидің қазасынан кейін Иранның жауабы қандай болмақ?
Суретте Али Лариджани — Иранның ықпалды саясаткері, қауіпсіздік және сыртқы саясат саласында ұзақ жыл бойы шешуші рөл атқарған тұлға

Иран 17 наурызда жоғары лауазымды қауіпсіздік тұлғасы Али Лариджанидің қаза тапқанын растады. Осы оқиғадан кейін Тегеран кек қайтаратынын мәлімдеп, Израильге, АҚШ нысандарына және Парсы шығанағындағы елдерге бағытталған соққылар жаңа қарқын алды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Таяу Шығыстағы соғыс енді тек Иран мен Израиль арасындағы тікелей текетіреспен шектелмей тұр. 17 наурызда Иран тарапы Али Лариджанидің қаза тапқанын ресми түрде мойындады. Бұған дейін оның тағдыры жайлы әртүрлі мәлімет тараған еді, бірақ кейін Иран медиасы өлімін растады.

Лариджанимен бірге “Басидж” жасағының басшысы Голамреза Сүлеймани де мерт болды деген мәлімет тарады. Бұл соққы Иран билігі үшін жай ғана кадрлық шығын емес, саяси салмағы өте ауыр оқиға саналып отыр. Тегеран мұны жауапсыз қалдырмайтынын айтып, “қатаң әрі ауыр жауап” қайтаратынын мәлімдеді.

Лариджанидің өлімі Иран ішіндегі билік тепе-теңдігіне де әсер ететін оқиғаға айналды. Ол соңғы соғыс басталғалы Ирандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналған және жоғарғы билікке жақын негізгі тұлғалардың қатарында болған.

Вашингтонның өз ішінде де бұл соғысқа байланысты жарықшақ байқалды. АҚШ Ұлттық терроризмге қарсы орталығының директоры Джо Кент қызметінен кетіп, Иран АҚШ-қа “тікелей әрі шұғыл қауіп төндірмеді” деген уәж айтты. Ақ үй болса, оның хатындағы тұжырымдарды “жалған” деп бағалап, Трамп әкімшілігі Иран тарапынан нақты қатер болғанын алға тартты.

Майдан даласындағы жағдай одан әрі ушығып барады. Reuters мәліметінше, Иран Тель-Авивке кластерлік оқтұмсықтары бар зымырандармен соққы жасап, кемінде екі адам қаза тапқан. Бұл шабуыл Лариджанидің өлтірілуіне жауап ретінде жасалғанын айтты.

Иерусалимде де ахуал тыныш емес. 16 наурызда Ираннан ұшырылған зымырандардың сынықтары мен оларды қағып түсірген қорғаныс жүйесінің қалдықтары Ескі қала маңына құлаған. Қасиетті қабір шіркеуі мен әл-Ақса маңында ірі бүліну тіркелмегенімен, оқиғаның өзі қақтығыстың қаншалықты қауіпті шекке жеткенін көрсетті.

Соғыс географиясы Израиль аумағымен ғана шектеліп тұрған жоқ. 17 наурызда Бағдадтағы АҚШ елшілігі мен әуежай маңындағы америкалық дипломатиялық нысан зымыран және дрон шабуылына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, бірден үлкен шығын тіркелмегенімен, бұл шабуылдар АҚШ мүдделері де ашық нысанаға айналғанын аңғартады.

Парсы шығанағындағы елдер де қысымды сезініп отыр. Иранның жауап соққылары Сауд Арабиясы, Кувейт және өзге де араб мемлекеттерінің әуе кеңістігіне дейін жеткен. Соның салдарынан аймақтағы қорғаныс жүйелері үздіксіз іске қосылып, мұнай тасымалы мен теңіз саудасына қауіп күшейді.

Әсіресе Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай әлемдік нарық үшін аса маңызды болып тұр. Жаһандық мұнай саудасының бестен біріне жуығы өтетін бұл бағыт негізінен жабық күйде қалып отыр. АҚШ Иранның бұғаз маңындағы зымыран нысандарына соққы жасаған, ал Еуропаның бірқатар одақтастары бұл науқанға әскери тұрғыда араласудан бас тартты.

Таяу Шығыста қазір бірнеше майдан бір мезетте қабаттасып жатыр: Иран мен Израильдің өзара соққылары, АҚШ-тың тікелей араласуы, Ирактағы америкалық нысандарға шабуыл және Парсы шығанағындағы елдерге тараған қатер. Али Лариджанидің қазасы осы қақтығыстың жаңа әрі одан да қауіпті кезеңге өткенін аңғартады. Ал әзірге дипломатиялық үміттен гөрі, соққы мен қарсы соққының тілі басым болып тұр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер