Пайда - 133,6 млрд, шығын - 5,1 млрд: "Қазпоштаның" хәлі мүшкіл ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ауғанстан Пәкістанның Кабулдағы ауруханаға жасаған әуе соққысынан 400 адам қаза тапқанын мәлімдеді

Ауғанстан Пәкістанның Кабулдағы ауруханаға жасаған әуе соққысынан 400 адам қаза тапқанын мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзі

Кабулдағы есірткіге тәуелді адамдарды емдейтін ірі ауруханаға жасалған әуе соққысы төңірегінде жағдай күрт шиеленісті. Ауғанстан тарапы шабуыл салдарынан кемінде 400 адам қаза тауып, 250 адам жараланғанын мәлімдесе, Пәкістан бұл айыпты жоққа шығарып, тек әскери нысандарға соққы берілгенін айтып отыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Кабулда болған бұл қайғылы оқиға көрші екі ел арасындағы онсыз да ушығып тұрған текетіресті жаңа, аса қауіпті кезеңге алып келді. Ауғанстандағы «Талибан» үкіметінің өкілдері Пәкістан дүйсенбіге қараған түні мемлекетке қарасты «Омид» ауруханасын әуеден атқылағанын мәлімдеді. Бұл нысан есірткіге тәуелді жандарды емдеумен қатар, оларға тігіншілік пен ағаш ұсталығы секілді кәсіптерді де үйрететін ірі орталық болған.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыстар адамдар кешкі намазын аяқтап жатқан сәтте болған. Соның салдарынан науқастар жатқан бөлмелер отқа оранып, ғимараттың бір бөлігі күлге айналған.

«Бүкіл жер отқа оранды. Қиямет қайым орнағандай болды. Достарым от ішінде жанып жатты, бәрін бірдей құтқарып үлгере алмадық», – деді өзін Ахмад деп таныстырған куәгер.

Оқиға орнынан тараған кадрларда жалын шарпыған бір қабатты ғимарат, қою түтін, зембілмен шығарылып жатқан мәйіттер мен үйінді астынан іздестіріліп жатқан адамдар көрінеді. Жедел жәрдем жүргізушілері де алғаш жеткен сәтте өртке оранған адамдарды көргенін айтқан.

Ауған тарапының мәліметінше, соққы кешкі сағат 21:00 шамасында жасалған. «Талибан» өкілі Хамдулла Фитрат аурухананың қомақты бөлігі қирағанын, ал қаза тапқандар саны 400-ге жеткенін мәлімдеді. Алайда нақты қанша мәйіт табылғаны және бұл санның қалай есептелгені ашық айтылған жоқ. Reuters агенттігі бұл мәліметті дербес тексере алмағанын атап өтті.

Ал Исламабад болса, бұл мәлімдемені «жалған әрі жаңсақ» деп бағалады. Пәкістан билігі шабуыл тек «әскери нысандар мен терроризмді қолдайтын инфрақұрылымға» бағытталғанын айтып, соққыдан кейінгі қайталама жарылыстарды оқ-дәрі қоймаларының белгісі ретінде түсіндірді.

«Соққылардан кейін көзге анық көрінген қайталама жарылыстар ол жерде ірі оқ-дәрі қоймалары болғанын дәлелдейді», – деді Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар.

Ресми Исламабад аурухана нысанаға алынды деген сөзді қоғамның сезіміне әсер ету үшін жасалған ақпараттық қадам деп отыр.

Бұл шабуыл Қытай екі елді сабырға шақырып, келіссөз үстеліне қайта оралуға үндегеннен кейін бірнеше сағат өтпей жасалған. Сарапшылардың бағалауынша, өткен айда басталған Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс қазір бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр. Ұзындығы 2600 шақырымға созылатын ортақ шекарадағы бұл шиеленіс енді бүкіл аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіре бастады.

Жағдайдың ауырлығына БҰҰ да назар аударды. Ұйымның Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Ричард Беннетт жаңа әуе соққылары мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы хабарларға қатты алаңдаушылық білдіріп, барлық тарапты халықаралық құқықты сақтауға шақырды. Әсіресе, аурухана секілді азаматтық нысандар мен бейбіт халықтың қорғалуы басты талап екенін еске салды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер