Прагматикалық парадокс: солтүстіктегі мектептердің саны мен сапасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаһандық жылынудың салдарынан 2050 жылға қарай жүздеген мың адам өлуі мүмкін – зерттеу

Жаһандық жылынудың салдарынан 2050 жылға қарай жүздеген мың адам өлуі мүмкін – зерттеу
Ашық дереккөз

Климаттың жылынуы салдарынан 2050-ші жылға қарай әлемде жүздеген мың адам қосымша қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы халықаралық ғалымдар жүргізген зерттеуде айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оңтүстік Америкадағы бірқатар университеттердің зерттеушілері 2000-2022 жылдар аралығындағы 156 елдің деректерін талдап, ауа температурасының көтерілуі адамдардың физикалық белсенділігіне қалай әсер ететінін зерттеген.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, орташа температура 27,8°C-тан асатын айларда әлем бойынша физикалық енжарлық деңгейі орта есеппен 1,44%-ға өседі. Бұл әсіресе табысы төмен және орташа елдерде айқын байқалады.

Ғалымдардың айтуынша, шамадан тыс ыстық адамдардың қозғалысын азайтып, денсаулыққа кері әсер етеді. Соның салдарынан 2050 жылға қарай қосымша 470 мыңнан 700 мыңға дейін өлім жағдайы тіркелуі мүмкін.

Сарапшылар климаттың өзгеруі тек денсаулыққа ғана емес, экономикаға да әсер ететінін айтады. Есептеулер бойынша, еңбек өнімділігінің төмендеуінен жыл сайын 2,4-3,68 миллиард доллар көлемінде шығын келуі ықтимал.

Зерттеу авторлары жағдайды тұрақтандыру үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту, климатқа бейімделген қалалық инфрақұрылымды дамыту, жабық спорт нысандарын көбейту және халықты аптап ыстықтың қаупі туралы кеңінен ақпараттандыру қажет екенін атап өтті.

Зерттеу қорытындысы The Lancet ғылыми журналында жарияланған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.