Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров кулуарда қойылған сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист депутаттан «депутаттықтан кетуге дайынсыз ба?» деп сұраған. Алайда мәжілісмен сұраққа жауап бермей, тілшінің телефонын итеріп жіберген.
– Сұрақ қоюға болмайды. Не үшін жауап беремін? Кейін жауап беремін, – деді Ардақ Назаров.
Оқиға Мәжіліс кулуарында болған. Қазіргі уақытта депутаттың бұл әрекетіне қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
Әлеуметтік желіде видео таралып, оқырмандар арасында түрлі пікірлер айтылып жатыр.