Прагматикалық парадокс: солтүстіктегі мектептердің саны мен сапасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда қамқоршылыққа қатысты жаңа өтемақы түрі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда қамқоршылыққа қатысты жаңа өтемақы түрі енгізілуі мүмкін
Өздігінен бас тартты: үкімет неліктен қазақстандықтарға өтемақы төлемейтінін түсіндірді - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда әрекет қабілетсіз деп танылған ересек азаматтарға күтім жасайтын қамқоршыларға жаңа әлеуметтік өтемақы енгізілуі мүмкін. Бұл мәселе Мәжілістің пленарлық отырысында көтерілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов сот шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылған азаматтарға, оның ішінде II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар мен психикалық ауытқуы бар тұлғаларға күтім жасайтын қамқоршыларға жеткілікті әлеуметтік қолдау жоқ екенін айтты.

Оның сөзінше, халықаралық тәжірибеде мұндай күтім әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде қарастырылады. Еуропа Одағы елдерінің көбінде қамқоршылыққа арнайы төлем беріледі, күтім жасаған уақыт еңбек өтіліне есептеледі және зейнетақы жарналары мемлекет есебінен төленеді.

Депутат қамқоршылыққа Үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады:

– әрекет қабілетсіз деп танылған ересектерге күтім жасайтын қамқоршыларға мемлекеттік төлем тағайындау;
– қамқоршылық кезеңін еңбек өтіліне енгізу;
– күтім жасаған уақытқа зейнетақы жарналарын мемлекет есебінен аудару;
– қамқоршылардың құқықтық мәртебесін әлеуметтік қорғау субъектісі ретінде бекіту.

Депутаттың айтуынша, мұндай шаралар қамқоршылардың еңбегін әділ бағалауға және әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.