Жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады (видео)
Елордада борышкер төленбеген айыппұлдары үшін көлігін алуға келген жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады, деп мәлімдеді kznews.kz сайты tengrinews.kz сілтеме жасап.
Оқиға 26 қазан күні сағат 8:45 шамасында орын алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО аймақтық палатасында хабарланды.
Куәгерлердің сөзінше борышкер өзін агрессивті ұстап, көлікті өз еркімен беруден бас тартқан. Оның банкке берешек 196 545 теңге және 358 728 теңге көлеміндегі 17 әкімшілік айыппұлы болған.
Сондай-ақ борышкерге қамауға алу және шектеу шаралары әсер етпеген.
«Ол үйіне кіріп темір балтамен сыртқа шығып, жеке сот орындаушы мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Сол кезде полиция қызметкерлері оны жеке басты қорғауға арналған бұрыш сепкішінің көмегімен ұстап, полиция бөліміне жеткізді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.
Ескерте кетейік, сот орындаушысы полицияға борышкерге өміріне қауіп төндіргені үшін арызданды.