Диана Қырықбай: Болашақта сәлем беремін, енеме қызмет етемін

0

Белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай енеге деген көзқарасы туралы сөз қозғады. БАҚ өкілі болашақ жарының анасына сәлем салып, қызмет етуге дайын екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Диана Қырықбайдың сөзінше, желідегі видеолары жай ғана образ. Шынайы өмірде тележүргізуші өзге келіншектер қатарлы келіндік қызметін атқаруға қарсы емес. Бұл туралы ол «Не хабар?» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. «Мен шырайлы Шымкенттің қызымын. Болашақта сәлем беремін, енеме қызмет етемін. Ал әлеуметтік желідегі Диана — ол жай ғана образ. Өйткені мен жастармен солардың тілінде сөйлесейін дедім. Мен отырып алып «айналайындар, қарақтарым-ау, бүйтуге болмайды» десем, олар маған «сау бол» дейді. Егер олардың тілінде сөйлесем, маған беттері бері қарайды. Мен осылайша біртіндеп жақсы дүниелерді айта бастаймын», — дейді Диана Қырықбай.