Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да екі судья сотталды

СҚО-да екі судья сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда соңғы жылдардағы ең резонансты сот процестерінің бірі аяқталды. Айыпталушы - Солтүстік Қазақстан облысындағы соттардың бұрынғы төрағалары. Бүгін оларға сот үкімі оқылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Судьялар колонияға жіберілді

Сот Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймахановты кінәлі деп таныды. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот оған өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында, Ұлттық банкте және басқа да мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуге тыйым салды. Бұдан бөлек, одан 1,2 млн теңге тәркіленеді.

Іс бойынша екінші айыпталушы – Петропавл қалалық №2 сотының бұрынғы төрағасы Ерлан Ибраев. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сот Ибраевқа да мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда және қаржы ұйымдарында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды. Сонымен қатар одан 2,25 млн теңге тәркілеу туралы шешім шықты.

«Қажетті» шешімдер үшін ақша

Тергеу нұсқасына сәйкес, әділдік орнатуы тиіс адамдардың өзі жемқор болып шыққан. Іс материалдарына қарағанда, эпизодтардың бірінде Баймаханов ірі жер дауына байланысты коллекторлық агенттікке көмектескені үшін 50 мың доллар алуға келіскен. ҰҚК қызметкерлері оны ұстаған кезде 15 мың доллар оның қызметтік кабинетінің өзінен табылған.

Тергеу дерегінше, Баймаханов пен Ибраев жол компаниясынан да ақша алған. Компания мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіміне енбеу үшін қолайлы шешім шығаруға үміттенген. Іс материалдарында кәсіпкер осы мақсатта 2,5 млн теңге бергені айтылған.

Басқа айыпталушылар

Бұл іс бойынша тағы бірнеше адамға үкім шықты.

заңгер Артём Иванов – 6 жылға сотталды;

кәсіпкер Гамлет Мелконян – 4 жылға;

кәсіпкер Геворг Погосян – 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оларға да мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында және Ұлттық банкте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

Прокурор қатаң жаза сұраған

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан қатаң жаза тағайындауды сұраған. Прокурор Баймахановты 12 жылға, ал Ибраевты 7 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.

Қорғаушылар өз кезегінде істің арандатуға құрылғанын айтып, соттан жеңілірек жаза тағайындауды сұраған. Соған қарамастан бүгін сот үкімі жарияланып, бұрынғы сот төрағаларына нақты түрме жазасы берілді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.