Нұрлан имам әлеуметтік желіде қыз-келіншектер арасында кең тараған косметологиялық процедуралар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол әсіресе ерінді үлкейту мәселесіне тоқталып, бұл әрекеттің діни тұрғыдан құпталмайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай процедуралар шариғатқа қайшы.
«Ерін үлкейту — харам. Біздің намазхан қыздар істеп алғансыздар. Қияметте иншааллаһ жауап бересіздер», – деді Нұрлан имам.
Сондай-ақ ол орамал таққан кейбір қыздардың косметологиялық операцияларға жүгінетінін сынға алып, «орамал таққан қыз блефаропластика жасатты ма, орамал шешетін күнің өте жақын» деп ескертті. Имамның айтуынша, мұндай әрекеттер дұрыс емес және одан аулақ болған жөн.