Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Түркістанға көшіп келдік": Әнші Төреғали Төреәлі ел күтпеген мәлімдеме жасады (ФОТО)

"Түркістанға көшіп келдік": Әнші Төреғали Төреәлі ел күтпеген мәлімдеме жасады (ФОТО)
SN.kz коллажы

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік күтпеген жаңалығын бөлісті. Өнер иесі отбасымен бірге Түркістан қаласына қоныс аударғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Әнші бұл шешімнің жай ғана көшу емес, саналы түрде қабылданған маңызды қадам екенін айтты. Оның айтуынша, тарихи әрі киелі шаһар – Түркістан ерекше рухани мәнге ие қала.

"Біз Түркістанға көшіп келдік. Бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес, жүрекпен қабылданған шешім. Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, рухы терең, мағынасы мол қала. Мұнда әрбір көше мен әрбір тас өткеннің шежіресін сақтап тұрғандай әсер қалдырады", – деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, олар бұл қаланы әдейі таңдаған. Өйткені Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанның болашағына сенеді.

Сондай-ақ әнші балаларының да осы жерде өсіп, тамырын сезініп, ұлттық рухты бойына сіңіргенін қалайтынын жеткізді.

"Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз өз тамырын сезініп өссін, өміріміздің мәні терең болсын дедік. Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Бірге еңбек етіп, бірге өркендеп, тарих жазу үшін келдік", – деді өнер иесі.

Әншінің бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның таңдауы дұрыс екенін айтып, жылы пікірлерін білдірген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер