Депутат «ата-ана» ұғымына қатысты пікір білдірді
Қысқа сілтеме алу
Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова әр қоғам өз жолын өзі таңдайды деген пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин өзі мемлекет басшысы болған тұста Ресейде «№1 ата-ана» және «№2 ата-ана» түсініктері енгізілмейді деп мәлімдеген еді. Ол «әке», «шеше» сөздерінен бас тартпаймыз деді.
Осыған қатысты мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Ирина Унжакова пікір білдірді.
«Әр қоғам өз жолын өзі таңдайды. Батыс бұны таңдады, бұл батыс үшін жарамды деген сөз. Біздің мәдениет үшін бұл әрине жарамсыз. Батыс елдеріне келсек, бұл олардың таңдауы. Біздің қоғам дәстүрді негізге алады, отбасылық мәдениет те басқаша қалыптасқан. Олардың балалары отбасынан өте ерте кетеді, өз бетінше өмір сүреді, 15-16 жасында жұмыс істей бастайды. Біздің балалар әдетте ата-анасымен, ата-әжесімен тұрады. Бұндай тәжірибе жарамайды, ол біздің қоғамға сіңбейді», — деді Ирина Унжакова.
sputniknews.kz