Бұл таңғаларлық жағдай – Путин Sputnik Эстонияға қатысты жағдай туралы

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Владимир Путин Эстонияда және «шындықтан қорқатын» басқа елдерде Sputnik-тің жұмысын жалғастыру мүмкіндігіне қол жеткізуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Sputnik Эстонияның айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол журналистердің жұмысына кедергі жасау әрекеттері ел билігі назарынан тыс қалмауы керек деп мәлімдеді.

Sputnik Estonia агенттігі Путинге банктер қызметкерлердің шоттарына транзакция жасауға тыйым салғанын жеткізді.

«Сіздер көп нәрсе жасап жатырсыздар деп ойлаймын. Ол жайлы айтқандарыңыз назардан тыс қалмайды. Мұндай нәрселерді естігенде, олар мені қатты таңғалдырады. Бізді ауыр күнә жасадыңдар деп айыптауға тырысып бағуда, оның ішінде тәуелсіз БАҚ-қа қысым жасау да бар. Бірақ бізге айтқандарын өздері де істеп жатады. Бұл таңғаларлық арсыздық. Қалай дегенде де сіздерден және сіздер айтатын шындықтан қорқатын елдерде жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізу керек», — деді Путин.

Бұған дейін «Россия сегодня», RT және Sputnik ХАА Маргарита Симоньян эстон және орыс тілдерінде президент Керсти Кальюлайдты Sputnik Эстониямен байланысты жағдайға назар аударуын және журналистердің тұтқындалуына жол бермеуге шақырған болатын.

Эстония билігі Sputnik Estonia қызметкерлеріне ескерту жасады. Атап айтқанда, редакция қызметкерлері полиция және шекара күзету департаменті басшылығынан хат алған. Онда журналистер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігімен еңбек келісімшартын бұзбаса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені жазылған.

Билік мұндай қадамға бару себебін 2014 жылдың 17 наурызында Украинада болған жағдайға қатысты бірқатар жеке және заңды тұлғаларға Еуропалық одақ қабылдаған санкцилар себеп болғанын айтады.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Россия сегодня» ХАА Еуропалық одақтың санкциялар тізімінде жоқ.



sputniknews.kz