ка

Бүгінгі ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді - новости Казахстана

01.12.2018 08:40
0
4

Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауып, жел, жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Көрнекі фото: mediakuzbass.ru

Көрнекі фото: mediakuzbass.ru

Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болса, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын  болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с болса Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с ұйытқиды.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с екпінмен соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болса, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий