БҚО-да колледж директоры өзіне қол жұмсап мерт болды - Қазақстан жаңалықтары
19.03.2019
13:49
0
0

Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне қол жұмсады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай, оқиға 18 наурызда орын алған, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz.
БҚО полиция департаменті өзіне қол жұмсау факті тіркелгенін мәлімдеді.
«Ер адамның мүрдесі табылды. Аталған факт ҚР ҚК «Өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелді», - дейді полиция департаментіндегілер.
Сондай-ақ, БҚО білім басқармасы ер адамның Бәйтерек ауданы Калинин аулындағы колледж директоры қызметін атқарғанын растады.
«Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайы анықталуда», - дейді БҚО білім басқармасындағылар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ