“Бізбен сөйлеспеңіздерші!” — желіде никабтағы қыз таксистерге үндеу жасады
ТикТок әлеуметтік желісінде бүкіл таксистерге ниқабтағы қыз үндеуін жазбаша жолдады деп жазады Kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Аиша Осконкулова деген атпен тіркелген қыз өзінің үндеуін орыс тілінде жазбаша жолдады.
Бұған дейін көлігіне отырған бір таксистің мазасын алғанын, керексіз сұрақтар қойғанын жазбаша жеткізген тақуа қыз өзі сияқты қыздарға таксист жігіттер көп тиісетінін, қырындайтынын айтып өтіпті.
«Құрметті таксистер! Көліктеріңізге отырғанымызда, бізбен сөйлеспеңіздерші. Жеке өмірімізге қатысты сұрақтар қойып, нашид әуенін қосып мазамызды алудың қажеті жоқ. Сіздердің бұл әрекеттеріңіз игі ниеттен болуы мүмкін, алайда біз мұндайдан қорқамыз. Жұмысыңызды істеп, бізді сұраған жерімізге дейін жеткізіп салыңыз, болды. Артық әңгіменің керегі жоқ», — деген жазбаша үндеу жолдаған Аишаны қолдап он мыңдаған оқырманы жүрекше басыпты.