«Біз бұған сенеміз»: Атышулы Нұрлан қажы Түркиядағы қиранды астында балаларды кім қорғағанын айтты

0

Түркиядағы зілзаладан аман қалған балақайлар қиранды астында өздеріне белгісіз адамдар көмектескенін айтты.

Қиранды астынан аман шыққан балалар өздерін ақ киімді, бойы ұзын адамдар тамақтандырып, қорғағанын айтқан болатын. Осы орайда, Нұрлан қажы Байжігітов бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Түркияның Хатай аймағында болған алапат жер сілкінісінен аман қалған бүлдіршіндер мен ересектердің кейбір оқиғалары көпшілікті ойлантып қойды. Бұған имамның өз айтары бар.

«Әлбетте, өте жақсы ойлау керек. Алла тағала жаратқан белгілі, белгісіз періштелер бар. Соның ішінде қорғаушы періштелер болады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі», — дейді қазақ.

Сондықтан қанша қиындық кездессе де, ажалы жоқ адам аман қалады.

«Өлмегенге өлі балық жолығады», — деген сөз де бар. Ризық-несібесі бар, көретін жарығы бар, дәм-тұзы таусылмаған адамға Алла тағаланың періштелер арқылы көмек беруі жіберуі жүз пайыз ықтимал. Біз осы нәрсеге сенеміз, біз осы нәрсені қабылдаймыз. Алланың құдыреті шексіз. Сондықтан мұны періште деп қабылдаған дұрыс. Кейбіреулер осы жерде ұпай жинап, жер сілкінісін қарғысқа, жазаға теңеп жатыр. Бұл онсыз да жығылғанға жұдырық. Осылай табалап жүрген адамдар сөздеріне абай болғаны дұрыс. Әртүрлі адам бар. Құдай жазаламай-ақ қойсын. Жазасы болса да, қияметте болады. Мұны Алланың сынағы, ескертуі деп түсінгеніміз дұрыс шығар. Алла елімізді апаттан сақтап, бауырлас халқымызға сабыр берсін», — деді Нұрлан қажы.