Батыс Қазақстан облысында табылған дронға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ведомство басшысының бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтің айтуынша, бұл мәселе бойынша тек СІМ ғана емес, өзге де құзырлы органдар жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта нақты қосымша ақпарат жарияланбаған.
Ол сондай-ақ қажетті тараптарға ресми сауалдар жолданғанын, бірақ олардың нақты кімдер екені әзірге айтылмайтынын жеткізді. Нәтижелер белгілі болған соң, ақпарат ресми түрде жарияланады.
Еске салайық, 25 наурызда дрон Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Ақжайық ауданынан тыс жерде табылған. Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.