Танымал әншілер Жанболат пен Жазира ұлының үйлену тойында болған оқиға желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Той барысында асаба келіннің орамалын аукционға шығарған. Блогер Ырысбала Икрамбай оған 300 доллар беруге дайын екенін айтқан. Алайда бұл жағдай көпшілікке ұнамай, әлеуметтік желі қолданушылары мұны «жақсы ырым емес» деп сынға алды.
Пікір жазғандар келіннің орамалын беруге болмайтынын, оның отбасының бақ-берекесіне қатысты символ екенін алға тартқан.
"Негізі болмайды. Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын", "Ойбай, орамалды ешкімге бермейді ғой", "Жақсы ырым емес...", "Бақ пен береке сол орамалда, ешкімге беруге болмайды", "Әдемі басталған тойды не істедіңдер", "Қатты кетіп қалған жоқсыңдар ма?", - деп жазды.
Айта кетейік, өнерлі жұп Жанболат пен Жазира жақында тұңғыш ұлы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген еді.