Танымал продюсер Баян Алагөзова кейбір жұлдыздардың дінге қатысты ұстанымы мен өмір салты арасында қайшылық бар екенін айтты. Бұл пікірін ол Qazaq Ordasy арнасына берген сұхбатында білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Продюсердің сөзінше, кейбір танымал тұлғалар Меккеге сапарын әлеуметтік желіде ашық жариялап, барлық сәтін көрсетеді. Алайда елге оралғаннан кейін бұрынғы өмір салтына қайта оралып жататынын атап өтті.
«Мұның бәрін көрсету — мәдениетсіздік. Ал кейін бәрі бұрынғыдай жалғаса берсе, бұл — екіжүзділік. Біреу мұны айтуы керек», – деді ол.
Сондай-ақ Баян Алагөзова әріптестеріне үндеу жасап, қасиетті сапарға шынайы ниетпен баруға шақырды. Оның айтуынша, мұндай қадамды жасамас бұрын жақсылап ойланып алу қажет.
«Егер Меккеге баратын болсаңыздар, мың рет ойланыңыздар. Кейін келіп алып, қайтадан бұрынғы әдеттеріңізге оралсаңыздар, оның мәні қандай?» – деп атап өтті продюсер.
Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырып, қызу талқыға айналды.