Танымал әнші Сиви Махмуди “Кездесу” бағдарламасында ашық сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты бұрын көп айтыла бермеген жайттарды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі сұхбат барысында әнші Алмас Кішкенбаевпен кезінде қарым-қатынаста болғанын жасырмады. Тіпті алғаш болып өзі қадам жасап, танысуға ниет білдіргенін де ашық айтты.
“Алмас “Суперстар” жобасына қатысқан кезде 18 жаста болды, мен 15-16 жаста болдым. Ортақ құрбымнан: “Алмастың номерін берші, танысайыншы” деп сұрадым. Өзім жаздым оған. 15 жастағы баламын ғой. Ол кезде Алмастың суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып қойып, бөлмеме қойып қоятынмын. Солай кездесіп, дос болып араласып кеттік. Бала махаббаты болды. Жүрдік екеуміз. Жүргенде бірақ онымен қол ұстасып та көрмедім. Алмасқа да рақмет айтамын, менің де қолымды ұстамаған”, – деді әнші.
Сиви Махмудидің бұл әңгімесі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі оның ашықтығын қолдаса, енді бірі түрлі пікір білдіріп, сын да айтқан.
Көпшілік арасында: “Өзінше екен”, “Өзіне көп алады екен” деген секілді пікірлер жиі жазылды.