Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ерекше қылып тойлаймыз": Нұрлан Еспановтың отбасында қуанышты жаңалық

"Ерекше қылып тойлаймыз": Нұрлан Еспановтың отбасында қуанышты жаңалық
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Нұрлан Еспановтың әулетінде тағы бір жағымды жаңалық бар. Өнер иесінің ұлы Олжас Еспанов жақын күндері әке атанбақ, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл сүйінші хабарды журналист Анна Данченко жария еткен. Былтыр ұлын үйлендіріп, елдің ықыласына бөленген Нұрлан Еспанов енді әулетіне келіннің аяғы ауыр екенін қуанышпен қабылдағаны айтылды.

Олжас Еспановтың сөзінше, бұл жаңалық алғашында көпшілікке айтылмаған. Жас отбасы қуанышты әуелі өз араларында сақтап, кейін ата-анасына тосынсый жасаған.

“Негізі жүктілік жайлы халыққа жария етпеген едік. Бұл қуанышты жаңалық әуелі отбасымыздың арасында ғана қалды. Алдымен сүйінші хабарды маған айтты, ол кезде екеуміз жеке тамақтануға шыққан едік. Кейін ата-анамызға арнайы торт алдырып, үстіне “Мен жолдамын” деп жаздырып, тосынсый жасадық. Олар бірден түсініп, көздеріне жас алып, қатты қуанды”, – деді әншінің ұлы.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер