"Балқадиша" әнін шебер орындаған орыс жігіт желіде танымал болуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Әлеуметтік желіде дауысы ерекше жас жігіт көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. Желі қолданушылары одан қазақтың әнші-композиторы Ақан серінің туындысы - "Балқадиша" әнін орындауын сұрайды.
Ол бұл өтінішті жерде қалдырмай, әнді көпшілік назарына ұсынып, жұрттың мақтауына ие болды. "Жарайсың. Өнерде ұлт болмайды, тек қана талант бағаланады", "Рақмет, Алла разы болсын", "Жарайсың", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Алексей Лодочников есімімен Instagram желісіне тіркелген азамат өзін актер, әнші әрі SMM маман ретінде таныстырады. Жігіттің парақшасына бүгінде 41 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.