Асанәлі Әшімовтің немересі Аңсар Әшімов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасына арнап әсерлі жазба жариялап, көңіл толқытарлық сағынышын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.
Ол анасының өмірден өткеніне 40 күн болғанын айтып, көптің жүрегін елжіреткен сөздерін бөлісті. Жазбада перзенттік сағыныш пен жүрекке түскен ауыр қасірет анық сезіледі.
«Сізді құшақтамағаныма, көрмегеніме, дауысыңызды естімегеніме, сүймегеніме 40 күн болды. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын, Анашым», – деп жазды ол.
Аңсар Әшімовтің бұл жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Пікір қалдырған көпшілік оған көңіл айтып, сабыр мен қайрат тіледі.