Бала комада жатыр: Ақтауда баланың үстіне футбол қақпасы құлады
16 жастағы жасөспірім 20 мамырда Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына металл футбол қақпасы құлаған соң келген. Дәрігерлер оған ми жарақаты мен мидың шайқалуы диагнозын қойды, деп хабарлайды Lada.kz.
«24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келді. Дәрігерлердің оны бес-жеті күн емдеу керек деп ескерткеніне қарамастан, ол қолхат жазып, алып кеткен», — деді медициналық мекеме.
Жасөспірім үйде жеті күн бойы ата-анасының бақылауында болған, бірақ 31 мамырда ол есінен танып, сол күйі комаға түсіп кеткен.
ақпарат: inform.kz