Байден АҚШ-қа төнетін негізгі террористік қауіпті атады

0

АҚШ президенті Джо Байден ақ нәсіл үстемдікі деген ойы – АҚШ-ры үшін ең үлкен террористік қауіп деп айтты. Американдық басшысы Талса қаласына барған кезде тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлады ABC News.

«Біз өшпенділік үшін баспана бере алмаймыз және бермеуіміз керек. Ақ үстемшілдік қозғалысының террористік қызметі қазіргі кезде Отанға ең қауіпті қауіп болып табылады. ИТ емес, Аль-Каида – исламистік террористік топтары  емес, ақ үстемдік қозғалысы болып отыр», — деді Байден.

Телеарна атап өткендей, Байден Талсадағы тарихи Гринвуд ауданына барған жүз жылдағы қазіргі американдық президент болды. 1921 жылы мұнда АҚШ тарихындағы ең ірі нәсілдік бүліктер болды.

Өкінішке орай, ТМД елдері үшін басты қауіп — ұлы державалық орыс шовинизмі. Шовинизмнің бүгінгі көсемі Путин деген узурпатор патша «орыс әлемі» дегенді ойлап тауып алды да, сол әлемді «қалған ұлттардың қысымшылығынан қорғау яки босатып алу» деген мазмұндағы сасық идеясы аясында қару-жарағын сайлап, жан-жағына жалаңдап отыр. Құр әншейін жалаңдап қана қоймай, осы идеясын жүзеге асыру жолында тікелей агрессияға бара бастағаны, мұндай агрессиядан кешегі Кеңес құрамында болған, бүгін озбыр орыстан іргесін аулақ салып, батыстық демократия елдерімен қоңсы қонуға талпынған Грузия, Украина сияқты елдер үлкен жапа шегіп отырғаны айдай әлемге белгілі жайт.

«Орыс әлемінің» бүгінгі «кемеңгері» В.Путиннің геосаяси амбициясы әсіресе туысқан украин халқын қан қақсатуда. ХХІ ғасырда, ай мен күннің аманында Ресей тарапынан Украина елінің құрамдас бөлігі болып табылатын Қырым түбегінің аннексияға ұшырауы, Донбасс өңірінде Ресей ұйымдастырған соғыс өртінің жеті жыл бойы бір толастамауы, сөйтіп ондаған мың адамның қазаға ұшырауы – осы айтқанымыздың ақиқатқа сәйкестігінің бірден-бір дәлелі.

Украина мен Ресей текетіресінде біздер – қазақ елі – украиндық туыстарды қос қолдап қолдауға тиістіміз, себебі бұл текетірес нәтижесінде Путин бастаған орыс шовинистерінің дегенінің болуы бізге де «тықыр таянатындығын», яғни олардың келесі шабуыл нысанасы нақ біздің ел болып қалуы әбден ықтимал екендігін көрсетеді. Жириновский деген кеңкелестің оттауына мән бермегеннің өзінде Никонов, Федоров сияқты біршама жоғары дәрежелі орыс саясаткерлерінің (Ресей думасының мүшелері, біреуі тіпті комитет төрағасы) бәрімізге белгілі «мәлімдемелері» мұндай қауіптің тіпті де негізсіз емес екендігін айғақтайды. (https://kznews.kz/sajasat/ulyorystyq-shovinizm-qater-ekenin-oz-bolmysymen-korsetti/)

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты