Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстанда балабақша көлігінде қалып қойған екі жасар бүлдіршін көз жұмды

Өзбекстанда балабақша көлігінде қалып қойған екі жасар бүлдіршін көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Қашқадария облысында қайғылы жағдай болып, жеке балабақша тәрбиеленушісі көліктің ішінде бірнеше сағат бойы қалып қойған. Салдарынан кішкентай қыздың өмірін құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 2025 жылғы 20 маусымда Қасан ауданындағы жеке балабақшалардың бірінде болған. Тергеу дерегіне сәйкес, сол күні мекеме басшысы балаларды өзі көлікпен тасымалдаған. Жеті баланы балабақшаға жеткізгеннен кейін ол көлікте бір бүлдіршіннің қалып қойғанын байқамаған.

Қыздың көлікте қалғаны бірнеше сағаттан кейін ғана анықталған. Бүлдіршін алты сағатқа жуық уақыт жабық салонда болған. Оны көліктің артқы орындығынан тапқанымен, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген. Сот балабақша басшысын кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Сонымен қатар қайғылы оқиғадан кейін жеке балабақшаның жұмысы тоқтатылғаны хабарланған. Білім беру саласының жауапты органдары балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өткен.

Айта кетейік, бұл Қашқадария облысында баланың балабақша көлігінде қалып қоюына байланысты болған алғашқы қайғылы жағдай емес. 2026 жылғы маусымда осы өңірде тағы бір балабақша тәрбиеленушісі көлікте қалып, қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Алайда ол оқиғада баланың жасы үште болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.