Тоқаев: Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Францияда танымал продюсер мен Dior өкілі жол апатынан қаза болды

Францияда танымал продюсер мен Dior өкілі жол апатынан қаза болды
Фото: AFP/File

Франциялық кинопродюсер Николя Альтмайер мен оның жұбайы, Dior сән үйінің қоғаммен байланыс саласындағы жетекшісі Матильда Фавье жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға Францияның батысында болған. Жергілікті биліктің мәліметінше, ерлі-зайыпты отырған көлік басқа автомобильді басып озуға әрекет жасаған кезде қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан 61 жастағы Николя Альтмайер мен 57 жастағы Матильда Фавье көз жұмды.

Николя Альтмайер туған бауыры Эрик Альтмайермен бірге Mandarin & Compagnie продюсерлік компаниясын басқарған. Олар бірқатар танымал француз фильмін, соның ішінде «OSS 117», «Brice de Nice» және Николя Саркозидің саяси жолына арналған «Conquest» картинасын шығаруға қатысқан.

2017 жылы ағайынды Альтмайерлер Франциядағы үздік продюсерлерге табысталатын Даниэль Тоскан дю Плантье атындағы сыйлыққа ие болған.

Қайғылы жағдайдан кейін кино, сән және саясат саласының өкілдері марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. «OSS 117» фильмінің басты рөлін сомдаған актер Жан Дюжарден бұл оқиғаны ауыр қайғы деп бағалады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер