Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейдегі жол апатынан алты баланың ата-анасы көз жұмды

Ресейдегі жол апатынан алты баланың ата-анасы көз жұмды
Фото: Алтай мемлекеттік инспекциясы

Ресейдің Алтай Республикасында болған жол-көлік апатынан екі Қазақстан азаматы қаза тапты. Марқұмдар ерлі-зайыпты болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Олар Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылынан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жеке көлікпен жолға шыққан. Көліктегі жолаушылардың барлығы бір-біріне туыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қарсы бағытқа шығып кеткен көлікті 31 жастағы жергілікті әйел басқарған. Ол мас күйінде рөлге отырған және жүргізуші куәлігі болмаған.

Апат салдарынан 41 жастағы Хабыз Рахымбай мен оның 44 жастағы жұбайы Құралай Құсайынқызы оқиға орнында көз жұмды. Олардың артында алты баласы қалды.

«Қайтыс болғандар ерлі-зайыпты еді. Әйелі алдыңғы орындықта отырған. Көліктегі адамдардың барлығы туысқандар. Олармен жолға шығар алдында кездесіп, дәмдес болған едім», – деді марқұмдардың танысы Жарқынбек Ахметсакиұлы.

Көлікте болған өзге жолаушылар да түрлі дене жарақатын алған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер