Атақты боксшы Канело қазақтың хит әніне билеп жүр (ВИДЕО)

Бокстан абсолютті чемпион Сауль «Канело» Альварес жаттығу залында «Меховая 8/1» тобы орындайтын «Тойға шашу» әніне билеп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аты әлемге әйгілі боксшының қазақтың әніне билеген сәтін «Меховая 8/1» тобының әншісі Қабдол Тілеков өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жаттығу залында қазақ споршыларымен бірге жүргенін көруге болады.
“Канело, саған көп рахмет! Той болып жатса, хабарлас”, – деп жазды Қабдол Тілеков.
Бейнежазба Тик-ток әлеуметтік желісінде де кеңінен тарап кетті.