Трансферт бөлінісіндегі жаңа тренд: өңірлер өз күнін өзі көре ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Тоқаев Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Ақордада Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы мемлекеттік құрылымдар жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат – озық технологиялар мен жасанды интеллектіні ел өмірінің барлық саласына кеңінен енгізу.

Президент Қазақстанда цифрлық реттеудің құқықтық негізі қалыптасып жатқанын айтып, Цифрлық кодекс қабылданғанын және жасанды интеллект туралы заң күшіне енгенін еске салды. Сонымен қатар бұл жұмысты тоқтатпай, өзгерістерге сәйкес нормативтік базаны үнемі жаңартып отыру қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аппаратты цифрландыруды жеделдету қажеттігін де атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа ауысқанымен, ведомствоаралық ақпараттық жүйелер әлі толық біріктірілмеген.

Президенттің пікірінше, Digital Qazaqstan стратегиясы қағазбастылықты азайтып, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталуы тиіс.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік аппаратты трансформациялау міндетін жүктеді. Бұл жұмысты үйлестірумен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады.

Кеңес барысында отандық IT-бизнесті дамыту мәселесі де көтерілді. Президенттің айтуынша, Astana Hub базасында IT-компанияларға қолайлы жағдай жасалған. Қазір Қазақстанның IT қызметтері экспорты 1 миллиард долларға жуықтаған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өндіріс саласына жасанды интеллект технологияларын енгізуді, цифрлық төлем инфрақұрылымын дамытуды және ұлттық есептеу инфрақұрылымын күшейтуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, екі суперкомпьютерді іске қосу Қазақстанның технологиялық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар криптоиндустрияны дамыту, цифрлық активтер нарығын реттеу, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиын брысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.