Трансферт бөлінісіндегі жаңа тренд: өңірлер өз күнін өзі көре ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұшақ азан дыбысынан шұғыл қонуға мәжбүр болды: АҚШ-та күтпеген оқиға орын алды (ВИДЕО)

Ұшақ азан дыбысынан шұғыл қонуға мәжбүр болды: АҚШ-та күтпеген оқиға орын алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

АҚШ-та ұшақ бортында жолаушы телефонында намаз уақыты кезінде азаны қосылып, соның салдарынан ұшақ шұғыл түрде жерге қонды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің телефонында намаз уақытын көрсететін қосымшадағы азан дыбысы естілген. Бұл дыбыс экипаж мүшелерін алаңдатып, оны қауіпсіздікке төнген ықтимал қауіп ретінде қабылдаған. Сол себепті ұшақ командирі тәуекелге бармай, әуе кемесін Атланта әуежайына шұғыл қондыру туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ қонғаннан кейін бортқа қаруланған құқық қорғау қызметкерлері көтерілді. Телефоны шырылдаған жолаушы ұшақтан түсіріліп, тексеру үшін уақытша ұсталған.

Кейінірек бұл дабылдың жалған екені анықталды. Жолаушыдан күмәнді ештеңе табылмаған. Телефоннан шыққан дыбыс тек намаз уақытын еске салатын қарапайым қосымшадан шыққаны белгілі болды. Билік өкілдері жолаушылар мен экипажға ешқандай қауіп болмағанын растады.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар АҚШ-та мұсылмандарға қатысты жағдайларға тым сақтықпен қаралатынын айтып, түрлі пікір қалдырған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер