Иранның жаңа Жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменей АҚШ пен Израиль жүргізген әскери операция салдарынан отбасының бірнеше мүшесінен айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Оның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Хаменей әкесінен бөлек, өзінің жұбайы мен әпкесінің қаза тапқанын растаған. Сонымен қатар әпкесінің кішкентай баласы да осы оқиғада көз жұмғаны айтылған.
Мәлімдемеде:
"Көпшілікке мәлім болған әкемнен бөлек, мен өзімнің сүйікті әрі адал жұбайымды, ата-анасына қызмет етуге бар өмірін арнаған жанқияр әпкемді және оның кішкентай баласын да шейіттер қатарына қостым", – делінген.
Айта кетейік, соңғы уақытта АҚШ пен Израильдің әскери әрекеттері аясында Иранда жағдай күрделене түскен. Соның салдарынан елдің саяси элитасы мен әскери басшылығы арасында да шығындар туралы ақпараттар жиі таралуда.