Алтынай Жорабаева өгей әкесіне жақтасқан қыздарына ұрсып тастады
Алтынай Жорабаеваны желідегі жұрт қатты сынап жатыр. Оның отбасындағы жанжалға толы видеосы ғаламторға тарап кеткен.
Аталған бейнетаспада Алтынай екінші күйеуіне ұрсып, бүкіл елге мазақ еткен.
Қазнетте қызу талқыланған видеоға зер салсақ, дүкеннен келген күйеуін Алтынай жерден алып, жерге салып жатыр. Ерлі-зайыптылар арасындағы даудың туындауына отағасының азық-түлікті шектен тыс көп алуы себеп болған. Интернетті шулатқан бейнероликті Жорабаваның өзі түсіріп тұр.
– Не мынау, құда күтейін деп жатырсың ба? Мына алманың бәрін не істейсің? Бұрыш, сусын… Мұның бәрі не үшін керек? Бір аштан қалып кететіндей. Одан кейін бәрі шіріп қалады ғой, – деп Алтынай күйеуіне дөрекі сөйлеген.
Кейін видеода Алтынайдың қыздары өгей әкесін жақтай кетеді. Мұны естіген Жорабаева қайтадан ашуланып, өзінің балаларына да қатты сөйлегенін аңғаруға болады.
– Бәрің неге Әлішерді қолдайсыңдар? Негізі сендерді мен тудым ғой. Енді неге оның сөзін сөйлейсіңдер?, – деді Жорабаева қыздарына.
Алтынайдың бұл әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалған. Олар танымал әншіге жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.