Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ішімдік ішіп ұсталғандар рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?

Ішімдік ішіп ұсталғандар рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?
Фото: None

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның қабылдануына орай бірқатар әкімшілік және қылмыстық  істер бойынша рақымшылық жариялауына орай кімдер жазадан болатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Абзал Құспан екі санат бойынша рақымшылық жасалуы мүмкін екенін айтты.

- Былтыр ғана рақымшылық туралы заң қабылдадық. Жаңа Конституция қабылданып жатқан соң бұл жолғы рақымшылықтың жөні бөлек болады деп ойлаймын. Алдымен, салық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар ілігеді деп үміттенемін.Бізге депутаттарға екі санат бойынша шағым көп түседі. Салық бойынша кәсіпкерлерге айыппұл көбейіп кеткен. Үш жыл бұрын шағын және орта кәсіпкерлікке мораторий жарияланған болатын, енді қайта тексеру басталғанда кәсіпкерлер оған дайын болмай қалды. Содан көп заң бұзушылық анықталды. Сондықтан осы санаттағы азаматтар шағымы қаралуы мүмкін.

Екіншіден, қазір өте қатаңдатылған масаң күйде көлікке отырған азаматтар назарда. Әзірге рақымшылыққа іліге ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Бірақ, осы бағытта арыз-шағым көп түседі. Бәрі арақ ішіп алып отырған деп ойлайды. Бірақ, кейбіреулер ашыған компот, қымыз ішіп те ұсталып жатыр. Бұл жерде Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрықтарымен масаңдықтың төменгі шегі алынып тасталған, бұл қате, бұны көптен бері айтып жүрмін. Қылмыстық кодекстің қатаңдатылуы бәрін ұстап қамап, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруға жол беріп отыр. Осы бағытта түзетілулер қаралуы мүмкін», - деді депутат.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі