Алматылық Тиін әлеуметтік желіде пост «жазды»

0

Қамыстан жасалған тиін өзінің пайда болу тарихынан сыр шертті

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Алматылық қамыс Тиін Facebook желісінде біртүрлі пост жазды.

«Міне, әңгімелесудің сәті келді, өйткені менің уақытым бітуге таяп қалды», — деп жазылған Art Energy Almaty ресми парақшасындағы постта. Бұл оның қалалықтармен қоштасқысы келгені ме – белгісіз.

Хабарламада осы бір арт нысанның қалай пайда болғаны да айтылған. «Менің тарихым 2018 жылдың шілдесінде Алекс Ринслердің арқасында басталды. Мені жасардың алдында ол маңызды сөздер айтты: «Алып тиінді Алматыдағы өмірдің символы ретінде жасағым келеді», — делінген постта.

Тағы оқыңыз: Алматылық Тиін сыйлықтың астында қалып, көзін қысып қояды — видео

Желіде жазылғандай, тиіндер қала тұрғындарымен көрші тұрып, қала өміріне әбден бейімделді, бірақ тіршілік ету үшін оларға да ресурс қажет. Тиін бұдан кейін де өз ойымен бөлісуге «уәде берді».

Айта кетсек, алып Тиін «Атакент» алдындағы алаңда тоғыз ай ғана тұруы тиіс болатын. Бірақ оны алып тастау туралы шешімді автор ғана қабылдайды.

Бұл арт нысанды жасауға 23 миллион теңге жұмсалып, кезінде Алматы халқының ашуын туғызған еді. Дегенмен көп ұзамай Тиін қалалықтар мен туристер арасында кең танымалдыққа ие болып, әлеуметтік желіде «жұлдызға» айналды.



sputniknews.kz