ка

Алматыда болған жаппай жол апаты салдарынан BMW жүргізушісі қаза тапты - Тосын жай

23.12.2018 14:28
0
1

Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Момышұлы көшесі бойында, Марғұлан және Төле би көшелерінің арасында болды. Куәгерлердің айтуынша, оңтүстік бағытта бет алған BMW жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Hyundai автокөлігімен соқтығысқан. Бұдан кейін Hyundai Renault көлігімен соғылған. Сонымен қатар, LADA көлігі де апат салдарынан зақымданды. 

Жол-көлік оқиғасынан BMW жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Оның жолаушысы және Hyundai жүргізушісі жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.


© "Территория происшествий"

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий