Әли Оқаповтың жұбайы жүкті кездегі суретін көрсетті (фото)

0

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Ал сәл кейінірек әншінің ұлы Әли Оқапов баласының қолын ұстаған суретін көпшілікке бөлісіп, бұл ақпаратты растаған, деп жазады Kznews.kz. тілшісі.

Алайда осы уақытқа дейін Әли Оқаповтың жұбайы дүниеге сәби әкелгені жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасамады. Ал күні кеше Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасында аяғы ауыр сәттің суретін жариялады. «Менің ең әдемі көктемім», — деп жазды Оқаповтың жұбайы. Ал желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайды ана атануымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. «Бауы берік болсын», «Сіздер үшін қуаныштымыз», «Тіл-көзден аман болыңыз», «Көп балалы ана болыңыз», — деп жазды желідегілер.