Әлгі баланың ішкі дүниесінде «алай-дүлей боран» соғып жатқанын қайдан ұғасың
Әлгі баланың ішкі дүниесінде «алай-дүлей боран» соғып жатқанын қайдан ұғасың
Маңғыстау облысының мектептерінде мұғалімдерге ата-аналардан гүл алуға да тиым салыпты.
Өте дұрыс шешім..
Оқушының ата-анасы мен мұғалім арасында ешқандай тауарлы-ақша қатынасы болмауға тиіс.
Жағдайың бар.
Балаңның мұғалімдеріне ғана емес, сыныптас қыздарына да қымбат букет сыйладың!
Сөзіңе сенсек, бәрі риза болды.
Бірақ, балаңның сыныбында сыныптас қыз түгілі, сынып жетекшісіне гүл сыйлауға жағдайы жоқ ұлдар бар екенін, сенің балаң әкесінің «құдіретіне» шаттанып тұрғанда, әлгі баланың ішкі дүниесінде «алай-дүлей боран» соғып жатқанын қайдан ұғайын деп едің?
Ол бала кімді кінәлайды?
Өмір сүруге «икемсіз» өз әкесі мен анасын кіналайды…
Эх-х…
Оны түсінетін қазақ қайда?
Мәселе, гүлде емес, гүлдің бағасында…
Құны бір көйлектік букет сыйлайтын оқушылар бар, 3 гвоздика сыйлауға мүмкіндігі жоқ үйдің балалары бар…
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 5 Пікірлер: 0