Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы соңғы матчінің тікелей трансляциясы

0
Бүгін, 19 қарашада Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі — Ұлттар лигасындағы шешуші, алтыншы матчін өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Станимир Стойлов жаттықтыратын команданың бұл жолғы қарсыласы Грузия құрамасы. Кезедсу Грузияның астанасы — Тбилисиде өтеді. Басталуы 23:00-де. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Трансляцияға сілтеме >>>

Айта кетейік, Грузия 13 ұпаймен 1 топтың D дивизионында бірінші келеді, Қазақстан алты ұпаймен екінші. Ары қарай Латвия және Андорра. Екі командада да үш ұпайдан. Грузия құрамасы топтағы жарысты алдын ала ұтып, Еуро-2020 чемпионатына жолдама үшін ойынды жалғастырады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Грузиядан 0:2 есебіменн ұтылып, кейін Андорра және Латвиямен тең ойнады — 1:1. Андоррамен келесі ойында ірі жеңіске жетті — 4.0. Астанада өткен бесінші турда Қазақстан Латвиямен тең ойнады — 1.1.