"Бешбармақ ұнамады, алаңдары нашар". Аршавин Қазақстандағы өмірі жайлы » Vesti.kz

"Қайраттан" кететін Аршавин командалас "жұлдыздарынан" асып түсіпті
Савин мен Аршавин ресейлік премьер-лига матчтерінде бірнеше рет кездескен, ал 2007 жылы Ресей құрамасында бірге болған. Қазан айында Савин Алматыға келген еді, ал кеше, 5 қазанда осы тураплы жариялым жасады.
- Қазақстанға 2016 жылы келдің. Көпшілік үшін бұл әлі 90-шы жылдары қалып қалған ел, алаңдары шаршаған, стадиондары нашар. Сен неге таңдандың?
- Ондай бір таңғалыс болған жоқ. Мұндағы алаңдар расымен нашар. Стадиондар негізінен кеңестік дәуірдегі. Кеңестік қалалар да бар, бірақ, Алматы дамыған шаһар, Астана - тіптен заманауи. Алайда "Оқжетпеспен" барған жерлер болды, онда әлі кеңес үкіметіндегідей.
- 2016 жылы Кубок финалынан кейін күміс жүлдені тастай салдың. Неге?
- Маған бірінші орын ғана керек!
- Сосын оны бір адам сатып жүрді.
- Бірақ қымбатқа емес қой, йә.
- Скриптонитті тыңдайсың ба (Ресейде карьера жасап жүрген қазақстандық рэпер)?
- Жоқ.
- Қазақстанда жей алмаған тағамыңды айтшы, шынымен түрі нашарын?
- Бешбармақ болды. Түрі жаман емес, бірақ, шынымен жей алмадым - бәрі майлы, ет, қамыр.
- Қазақтардың басты бір жақсы не, жаман жағы?
- Нәсілдік немесе ұлттық тұрғыда қысым жоқ. Мұнда ондайды кездестіру қиын - мұнда әртүрлі ұлттар көп, бәрі өзін еркін сезінеді. Орыс тілін қолданады - қазақша білмесең ешкім намысыңа тимейді.
Жаман жағы? Оларды қу деп есептейді. Бірақ жалпылай алғанда бұл ұлтқа қатысты дүние емес.
- Әрбір футболшы карьеарсын аяқтаудан қорқады. Ары қарайғы өмірін уаймдайтын жігіттерді көрдім. Сен ше, уайымдайсың ба?
- Иә.
- Ары қарай не болады?
- Білмеймін.
- Футболда қаласың ба?
- Мүмкін.
26 минут 30 секундтан бастап көріңіз:
Айта кетейік, кеше "Қайрат" Аршавиннің клубтан кететінін мәлімдеген.