Шоу-бизнес

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды

Концерттік бағдарламаға әлемнің 29 елінен көрермендер билет сатып алған

Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концерті Қазақстан экономикасына 5 млрд теңге әкеледі,  деп хабарлайды Kznews.kz

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында жылдың ең ауқымды шараларының бірі — әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға билеттерді АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, БАӘ, Мексика және ТМД елдерін қоса алғанда 29 елден көрермендер сатып алған.

Билеттердің 30%-ын шетелдік қонақтар иеленген — бұл шамамен 8 мың турист. Сарапшылардың бағалауы бойынша, олар Алматыда 3-тен 5 күнге дейін аялдап, қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге қалдырады.

«Бұл оқиға Қазақстан нарығының әлемдік деңгейдегі іс-шараларға дайын екенін көрсетеді. Тур толықтай коммерциялық негізде, мемлекеттік бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды»”, – дейді «Астана Концерт» продюсері Малик Хасенов.

Еске салсақ, билеттердің бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін, орташа құны — 90 мың теңге. Орындықтағы билеттер небәрі 6 сағатта сатылып кеткен, қазір сатылымда фан-зона мен би алаңына шамамен 2,5–3 мың билет қалған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz