Бішкектен ұшып шыққан ұшақ Иранда апатқа ұшырады

1

Бішкектегі «Манас» әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ Қырғызстаннан Иранға чартерлік рейспен ұшқан.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әлия Құрбанованың сөзінше, ұшақ қаңтардың 14-і күні сағат 7.16-да «Манас» әуежайынан Тегеран түбіндегі «Пайан» әуежайына ұшып кеткен.

«Ұшақта 16 адам болған. Бортта Қырғызстан азаматтары жоқ. Ұшақта 30 тонна ет тиелген» деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Иран тарабы «апатқа ұшыраған Boeing 707 — Қырғызстанның ұшағы» деп хабарлаған. Бірақ «Манас» әуежайының баспасөз қызметі «ұшақ ирандық Iran Air Force компаниясына тиесілі» деп мәлімдеп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағы. 14 қаңтар 2019 жыл.

Апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағы. 14 қаңтар 2019 жыл.

Иран авиация қызметінің өкілі Реза Жафарзаде ирандық ақпарат агенттіктеріне ұшақ қону кезінде апатқа ұшырағанын хабарлаған.

Алдын ала дерек бойынша, ауа райының қолайсыздығынан ұшқыштар әуежайды шатастырып алған. Ет тиеген ұшақ «Пайан» әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ шатасып Карадж қаласындағы «Фарх» әуежайына қонған. Ұшақ қону жолағанын шығып кетіп, маңайындағы қоршаулар мен ғимараттарға соғылып, өртенген.

Апатқа ұшыраған ұшақ. Иран, 14 қаңтар 2019 жыл.

Апатқа ұшыраған ұшақ. Иран, 14 қаңтар 2019 жыл.

Иранның Fars news ақпарат агенттігі ұшақта 16 адам болғанын, 15 адамның қаза тапқанын хабарлады. Иран әскерилері агенттікке борт инженерінің ауруханаға жеткізілгенін айтқан. Иран телеарналары ұшақ апатқа ұшыраған жерден будақтап түтін шығып жатқанын көрсеткен.

Иран билігі қазірге дейін жеті адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Дереккөз: Азаттық